Астанада 6 науқасты алдап, 4 млн теңгені қолды еткен дәрігер сотталды

Қаз. 9, 2025, 8:34 Т.Қ.

6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен клиника дәрігеріне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.

canva

Ведомство дерегінше, алаяқ-дәрігер өзінің қызметін жұмыс орнында ұсынған, алайда шын мәнінде мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған.

— Алдау арқылы алған 4 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын ол жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Прокурор ұсынған дәлелдемелермен айыпталушының кінәсі толық дәлелденді, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығын ескере отырып ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді, — деп атап өтті қалалық прокуратура.

Қала прокуратурасы әлеуметтік қызметтерді алу үшін тек уәкілетті органдарға ресми өтінішпен жүгіну қажет екендігін назарға салады.

Теги: