Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Шілде 2, 2026, 6:39 Т.Қ.

Астанада 4-5 шілде күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Фото: Астана әкімдігі

Жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да тағамдарды тиімді бағамен сатып ала алады.

Іс-шара 4 және 5 шілде күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тас жолы, 35Б мекенжайындағы «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді.

Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары қатынайды.

Теги: