Астанада тректегі велоспорттан ел чемпионаты басталды

Шілде 30, 2026, 11:08 Т.Қ.

Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

Фото: ҚР ҰОК

Бұл турнир аясында алғашқы жүлдегерлер анықталды.

Ерлер арасындағы омниум дисциплинасында Андрей Чугай (Ақмола облысы) топ жарды. Екінші орынға Данияр Шаяхметов (Солтүстік Қазақстан облысы) ие болса, Дмитрий Резанов (Астана) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, ел біріншілігі — 2026 жылғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды бөлігі.

Теги: