Атыраудағы Run club мүшелері құрылтай сайлауына дауыс берді

Там. 23, 2026, 7:14 Т.Қ.

Атырауда жүгіруді өмір салтына айналдырған белсенді Run club мүшелері республикалық құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады.

Фото: Бейнежазбадан

Спортты серік еткен қала жастары мен тұрғындары М.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты ғимаратында орналасқан №8 учаскесіне келіп, азаматтық белсенділік танытты.

Олардың айтуынша, салауатты өмір салтын ұстанумен қатар, ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаларға қатысу да әрбір азаматтың міндеті. Run club мүшелері тарихи маңызы бар күнде ел болашағына қатысты шешім қабылдауға өз үлестерін қосуды жөн санағандарын жеткізді.

Белсенді топ мүшелері мұндай қадам қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті арттырып, жастарға үлгі болатынын атап өтті.

Теги: