АвтоХҚО-да үстелге түкірген алматылық әйел жауапқа тартылатын болады
Қыр. 27, 2023, 2:27 Т.Қ.
Алматыда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында қызметкердің үстеліне түкіріп жіберген әйел заң алдында жауап беретін болады.
ХҚО-да түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Онда әйел кезекті ұзақ күтіп тұрғанына наразылық білдіріп, қызметкердің үстелінің үстіне түкіріп жібергенін көруге болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы бөлімшесінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 26 қыркүйек күні Майлин көшесінде орналасқан №2 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болды.
«Біздің тарапымыздан қызмет алушыға қатысты қажетті шаралар қабылданатын болады. Бұл іс бойынша бізде барлық ақпарат бар. Материалды құқық қорғау органдарына береміз», — деп хабарлады мемлекеттік корпорациядан.
Похожие новости