Бауыржан Байбектің әкесі сотталып жатыр

Шілде 12, 2023, 7:25 Т.Қ.

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбек істі болып жатыр.

Бұл іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауында.

Қыдырғали Байбекке Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 319-бабы бойынша айып тағылған. Бұл бап тиісті жерге құқықсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе шаруашылық-тұрмыстық объектілерді заңсыз салуды қарастырады.

Байбектің әкесінің үстінен қозғалып жатқан екінші іс ӘҚБтК-нің 463-бабының бірінші бөлігі бойынша қаралмақ. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы бұл бап тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi жүзеге асыруды қарастырады.

Айта кетейік, Қыдырғали Байбек Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы болып келеді.

Теги: