«Чарли Чаплин» Құрылтай сайлауында өз дауысын берді

Там. 23, 2026, 8:27 Т.Қ.

Ақсу қаласының тұрғыны белгілі ағылшын актерінің бейнесінде сайлау учаскесіне роликпен келді.

Фото: Бейнежазбадан

Өзгеше сайлаушы №511 сайлау учаскесінде байқалды. Ол Чарли Чаплинге тән әдеттегі қара костюм мен цилиндр қалпақ киген. Учаскеге кірер алдында ол ролигін шешіп, туфлиін киді. Металлургтер қаласының тұрғыны қолына таяқ ұстап, бюллетеньді алып, дауыс беру бөлмесіне өтті де, толтырылған бланкты жәшікке тастады.

Дауыс беру күні Павлодар облысында 522 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Өңірде жалпы алғанда 500 мыңға жуық сайлаушы бар.