Елімізде ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесі жыл соңына дейін 70%-ға жетеді

Наурыз 13, 2026, 5:10 Т.Қ.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында өңдеу өнеркәсібінің жекелеген секторларын дамытудың алдын ала нәтижелері қаралды.

Үкімет

Биылғы екі айда азық-түлік және сусындар өндірісінде жоғары өсу қарқыны байқалады. Азық-түлік өндірісінің көлемі 665 млрд теңге, нақты көлем индексі (НКИ) – жоспардағы 104,3%-да – 111,9%.

Бірінші тоқсанға болжам – 112%. Сусындар өндірісі 175,4 млрд теңгеге жетті, НКИ – 104,2%, жоспарда 110,2%. Қаңтар-наурыз айларына жоспар – 110,3%.

Салыстыру үшін: өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 1,2 трлн теңгеге сусындар өндірілді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов атап өткендей, тамақ өнеркәсібі тұрақты даму серпінін көрсетіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тамақ өнімін өндіру көлемі 3,9 трлн теңге. Бұл 2024 жылғы деңгейден 8,1%-ға жоғары (3,3 трлн теңге). 2026 жылы бұл көрсеткішті 4,7 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Теги: