Қайтарылған активтер: Қызылорда облысындағы ауылдарды сумен қамтуға 2,2 млрд теңге бөлінді

Қаз. 10, 2025, 7:53 Т.Қ.

Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарындағы 2 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдарды сумен қамтуға 2,2 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкімет

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздің өңірлері тұрғындарын сумен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысының Үкімет алдына қойған басым міндеттерінің бірі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қызылорда облысында алты сумен жабдықтау нысанын салу жобаларын жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Жобалар жалпы Арал және Қазалы аудандарындағы 2 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдарды қамтиды. Аталған шараларды жүзеге асыру Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдарын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмысқа топтық сумен жабдықтау жүйелеріне қосу да, ауылішілік желілерді салу да кіреді.

Нысандар құрылысын аяқтау және оларды пайдалануға беру 2025 жылдың соңына жоспарланған.

Теги: