Қазақстан құрамасы су добынан әлем чемпионатында Уругвайды ойсырата жеңді
Там. 6, 2026, 7:35 Т.Қ.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы су добынан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін жалғастырып жатыр.
Үшінші кездесуде қазақстандық спортшылар Уругвай құрамасын ірі есеппен жеңді. Матч 22:5 есебімен аяқталды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Сасин кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Бүгін, 6 тамызда, Қазақстан құрамасы Түркиямен кездеседі.
Похожие новости