Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беру конкурсы ертең аяқталады

Қаз. 9, 2025, 8:32 Т.Қ.

25 қыркүйек сағат 12:00–де басталған Қазақстанның алғашқы атом электр станциясына атауын таңдау бойынша жалпы халықтық конкурс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі.

canva

Қатысу өте оңай. Ол үшін eGov Mobile мобильді қосымшасын ашып, басты беттегі «АЭС-ке атау ұсыныңыз» деген баннерін басып, қысқаша форманы толтыру қажет.

Одан кейін қатысушы тілді (қазақ немесе орыс тілін) таңдайды, өз нұсқасын енгізеді және қаласа, оның мағынасын қысқаша түсіндіреді.

Соңында конкурс ережелерімен танысқанын растап, ұсынысты жібереді.

— Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59–да аяқталады. Демек, өз идеяңызды ұсынуға бір-ақ күн қалды. Конкурс ережелерімен Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшаларында танысуға болады, — деп атап өтті агенттіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бастаманың басты мақсаты — болашақ станцияның тарихи, мәдени және ұлттық маңызын бейнелейтін атауды таңдау. Ұйымдастырушылар еліміздің барлық азаматтарын энергетика тарихына өз үлесін қосып, Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау ұсынуға шақырады.

Теги: