Қазақстандық каратэшілер Жапониядағы беделді турнирде екі медаль жеңіп алды

Шілде 23, 2026, 6:29 Т.Қ.

Қазақстан командасы Жапония астанасы Токиода аяқталған шинкиокушинкай каратэден беделді «Чемпиондардың чемпионы TOP-9» халықаралық жарысында екі медаль жеңіп алды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Атап айтқанда, ерлер арасында Анджей Кинзерский барлық қарсыласынан айласын асырып, алтыннан алқа тақты. Жартылай финалда ол Энтас Хаускастан (Литва) 5-0 есебімен басым түсті. Финалда Анджей тағы бір отандасымыз Антон Зимаревпен күш сынасты. Антон Паулюс Зимантасты ұтып, шешуші жекпе-жекке жолдама алған. 

Айта кетейік, биыл жарыс барысында алғаш рет екі шетелдік спортшы ақтық сынға шығып отыр. Нәтижесінде Анджей бас жүлде 10 миллион жапон иеніне, ал Антон 2 миллион иенге ие болды.

Жалпы турнир ерлер арасында әлемнің таңдаулы тоғыз, әйелдер арасында сегіз үздік татами шеберінің басын қосты.

Айта кетейік, Анджей Кинзерский былтыр жалпы ұлттық Жапония чемпионатында топ жарып, мұндай көрсеткіш тіркеген тұңғыш шетелдік спортшы атанған еді.

Теги: