Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды

Шілде 22, 2026, 5:26 Т.Қ.

Таиландтың Бангкок қаласында су спорты түрлерінен жас ерекшеліктері бойынша Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық жүзушілер жарысты 16 медальмен аяқтады. Оның алтауы — алтын.

Алтын медаль иегерлері:

  • Александр Румынский — 100 метрге шалқалай жүзу;

  • Даниил Чужинов — 200 метрге кешенді жүзу;

  • 4×100 метрге аралас эстафета (А тобы);

  • Александр Румынский — 200 метрге шалқалай жүзу;

  • Анатолий Руденко — 100 метрге брасс әдісімен жүзу;

  • Анатолий Руденко — 50 метрге брасс әдісімен жүзу.

Күміс медаль иегерлері:

  • Александр Миронычев — 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу;

  • Дарья Чеснокова — 50 метрге шалқалай жүзу;

  • Федор Диденко — 800 метрге еркін стильде жүзу;

  • 4×100 метрге аралас эстафета (В тобы);

  • 4×200 метрге еркін стильдегі эстафета (А тобы);

  • Александр Миронычев — 50 метрге еркін стильде жүзу;

  • 4×100 метрге аралас аралас (микст) эстафета (А тобы).

Қола жүлдегерлер:

  • Федор Диденко — 400 метрге еркін стильде жүзу;

  • 4×100 метрге еркін стильдегі эстафета (А тобы);

  • Даниил Чужинов — 400 метрге кешенді жүзу.

Айта кетейік, құрлық біріншілігіне Азияның әртүрлі елдерінен жас санатындағы спортшылар қатысып жатыр.

Теги: