Қош болыңдар, бауырларым: Димаш Каспийдегі сарбаздардың қазасына байланысты көңіл айтты
Танымал әнші Димаш Құдайберген Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.
— Біздің Ақтауда көз жұмған 18-19 жасар інілерімді қимай жүрегім ауырып, айтуға сөз таба алмай отырмын. Балалық кезеңнен енді ғана шығып келе жатқан кезде жап-жас ғұмырлардың осылайша үзіліп кеткені… Қаза болған бауырларымыздың ата-анасына, туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Алла жүректеріңізге сабыр, өздеріңізге күш берсін. Інілерімнің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жандары жәннатта болсын. Е Алла,құдіреті күшті Алла,інілерімді алдынан жарылқағайсың. Ешбір ата-ана баласының артында қалмасын… Елімізде мұндай қасірет енді қайталанбасын. Қош болыңдар, бауырларым, — деп жазды ол.