Құрылтай үшін дауыс: Алматыдағы сайлау учаскесіндегі ерекше сәйкестік

Там. 23, 2026, 3:20 Т.Қ.

Бүгін Алматыдағы сайлау учаскелерінің біріне есімі Құрылтай болатын қала тұрғыны келді.

Фото: rsk.almaty.kz

Сайлау қарсаңындағы жаңалықтан есімін жиі естіген ол мұндай маңызды күннен шет қалмауды жөн көрген сыңайлы.

Құрұлтай Сәткенбаев Алматының Бостандық ауданындағы №294 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Бір қызығы, Алматыда Құрұлтай есімді небәрі екі адам тұрады. Солардың бірі бүгін сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады.

Осындай да сәйкестік болады: бүгін Құрұлтай – Құрылтай үшін дауыс берді.