Маңғыстауда Атазаң есімді бүлдіршіннің әкесі өз таңдауын жасады

Там. 23, 2026, 4:54 Т.Қ.

Мұнайлы ауданында азаматтар маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, мемлекеттің алдағы даму бағытына қатысты ұстанымын білдіріп жатыр.

Фото: @mangystau_news

Сайлаушылардың қатарында елге ерекше есімімен танылған «Атазаң» есімді бүлдіршіннің әкесі Бауыржан Бабатов та бар. Ол №195 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасап, дауыс берді. Бауыржан Бабатов сайлауға қатысу – әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігінің және азаматтық белсенділігінің көрінісі екенін атап өтті. 

Бүгінгі сайлау – ел болашағын айқындауда елеулі күн. Әрбір азамат таңдау жасау арқылы мемлекет дамуына үлес қоса алады. Мемлекеттің саяси өміріндегі маңызды оқиғадан қалыс қалмау қажет, - деді Бауыржан Бабатов.