Президент мемлекеттік басқаруды реформалау жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Қар. 26, 2026, 10:44 Т.Қ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге жауапты комиссияның құрамын бекітті. Комиссия кешенді реформалау жоспарын әзірлеп, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бағыттары бойынша ұсыныстар дайындайды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды.

Комиссияның жұмыс органы — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді.

Отырыстарға мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатыстырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ

  • Скляр Роман Васильевич — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға
  • Ерғалиев Әсет Арманұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі — Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары
  • Смайылов Әлихан Асханұлы — Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
  • Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Үкімет Аппаратының Басшысы
  • Жұманғарин Серік Мақашұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі
  • Мәдиев Жаслан Хасенұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
  • Жиенбаев Ержан Нұрланұлы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
  • Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
  • Жазықбай Дархан Медеғалиұлы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
  • Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы — Қазақстан Республикасының Әділет министрі
  • Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы — Астана қаласының әкімі
  • Ахметжанов Марат Мұратұлы — Ақмола облысының әкімі
  • Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы — Алматы қаласының әкімі
  • Ақшолақов Болат Оралұлы — Атырау облысының әкімі
  • БаймановШахмардан Асқарұлы — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
  • Есімханов Сұңғат Қуатұлы — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары
  • Каринова Шолпан Таңатқызы — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
  • Смышляева Екатерина Васильевна — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті төрағасының орынбасары
  • Лукин Андрей Иванович — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесіМусин Бағдат Батырбекұлы — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі
  • Шайымова Айгүл Амантайқызы — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, хатшы
Теги: