Президент 25–26 қарашада жұмыс сапарымен Мәскеуге барады
25 Қараша 2026
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
25–26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады.
— Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.
Похожие новости