Сарыағашта 5 жасар қызды азаптап өлтірген педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қыр. 7, 2023, 6:55 Т.Қ.

Істі Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Оқиға 13 шілде күні болған. Күдікті мас хәлде өзінің үйіне келе жатып, жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру мақсатында ойнап жүрген 5 жасар қызды ауласына алдап кіргізген. Содан соң тарпа бас салып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Одан әрі қылмысын жасыру үшін қызды өлтіруге бел буып, асхана пышағымен көкірек тұсы мен ішінен бірнеше рет шаншылап, кескілеп өлтірген.

Сот 48 жастағы айыпталушыны «Адам өлтіру» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ, оған химиялық кастрация жасалатын болды және жәбірленуші тарапқа 100 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Теги: