Сарыағашта 5 жасар қызды өлтірген күдікті екі ай бұрын ауылдасын балтамен ұрғаны үшін сотталған

Шілде 14, 2023, 7:05 Т.Ж.

Бұл туралы Түркістан облыстық соты мәлімдеді.

Ол 2006 жылы кісі өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылып, 2016 жылы босатылған.

Биылғы жылдың мамыр айында ауылдасымен ішімдік ішіп, ауызша жанжалдан кейін оны тұрмыстық балтамен ұрған.

Сотта ол кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірген. Жәбірленушінің өзі де оны кешіріп, жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Содан соң сот ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығын шектеген.

Көп ұзамай күдікті осындай әрекетке барып отыр…

Теги: