Саунадан балалар лагерін ашқан кәсіпкер мемлекеттен 107 млн теңге алған болып шықты
Шілде 18, 2023, 1:15 Т.Қ.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау әлеуметтік желіде жазды.
«Жазғы лагерьде баланың демалуына жағдай жасалмаған, өрескел бұзушылықтар орын алғанына куә болдым. Лагерь бұрынғы сауна ғимаратында орналасқан. Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес қызмет көрсету құны — 107,8 млн теңге. Жоспар бойынша 1 150 бала демалыспен қамтылуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу процедурасы қалай жүргізілгені төңірегінде мәселе туындауына байланысты өз тарапымнан ҚР Бас прокуратурасына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне тексеру жүргізу жөнінде сауал жолданды. Бұл мәселені өз бақылауыма алдым», — деп жазды ол.
Похожие новости