Шағын кәсіпкерлер тоқсан сайын салық есебін өткізуден босатылады

Жел. 23, 2025, 7:50 Т.Қ.

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында 2026 жылдан бастап салық есебін тапсырмағандарға айыппұл салынбайтынын еске салды.

Алматы әкімдігі

— Біз салық есептілігін біртіндеп қысқартып келеміз. Салық есептілігі нысандарының саны жыл сайын азайып отыр. Мысалы, 2009 жылдан бері 70-тен 28-ге дейін немесе 60% қысқарды. Енді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндеттемелерінің сомасы 1 млн теңгеден аспайтындар үшін мүлік, көлік және жер салықтары бойынша ағымдағы төлемдердің тоқсан сайынғы есеп айырысулары күшін жояды. Кәсіпкер жыл қорытындысы бойынша бір декларация тапсырып, жыл қорытындысы бойынша төлейтін болады, — деді ол.

Айтуынша, салық есебін ұсынбағаны үшін айыппұл салу практикасы жойылады.

— Егер декларация тапсырылмаған болса, ол нөлдік көрсеткіштермен берілді деп есептеледі. Бұл ретте қосымша есептілікті беру және деректерді дұрыс нақтылау құқығы сақталады, — деді Мәди Такиев.

Теги: