ШҚО-да алтын ұрлау қылмысына Қайрат Сатыбалдының қатысы бар ма?

Маусым 17, 2022, 4:20 Т.Қ.

Бүгін Елорда да Семей қаласында алтын ұрлау ісі бойынша ұсталғандардың туыстары БАҚ өкілдері арқылы ҰҚКД тергеу изоляторларын тексеруді, сондай-ақ олардың туыстарын азаптаған қызметкерлерді жазалауды талап етіп, қоғамнан көмек сұрады.

Оқиға Семей қаласында болған.  Алтынды заңсыз өндіруге және тасымалдауға қатысы бар деген күдікпен бір топ адамды тергеу изоляторына қамаған. Қазіргі таңда 70-ке жуық отандасымыз қамауда отыр. Алтын ұрлау қылмысына авторитетті тұлғаның қатысы бары анық. Алайда құзыретті орган өкілдері осының бәрін біле тұра шара қолданбай отыр. Қылмыстық іс неліктен тоқтап тұрғандығы әлі де түсініксіз.

 Жалпы алғанда, ұсталған 37 адамның 28-і азаптау фактісі туралы мәлімдеді. Бірақ ҰҚК, ІІМ, Антикорр және Бас прокуратура бұған жауап беруден бас тартып отыр. Туыстарының айтуынша, олардың қамаудағылардың арасында қатты зардап шеккендер де  бар.  Мысалы, қамауда отырған күдіктінің біріне құқық қорғау органдарының өкілдері жәбір көрсетіп, нәтижесінде айыпталушы  «зағип» болып қалған. Тіпті қамауда отырғандардың қабырғалары сынып, аяқтары-қолдары істемей қалған фактілерде тіркелген. Алайда, азаптау туралы іс бойынша медициналық тексерулер немесе тергеу әрекеттері әлі жүргізілген жоқ.

«Қаңтардағы қақтығыс еліміздегі тергеу мекемелеріндегі былықтардың бетін ашты. Неге біздің еле әділдік жоқ. Адамдарды қинау неге қалыпты жағдайға айналып барады? Егер азаптау фактілері тергеу изоляторларында жалғаса берсе, біз «Жаңа Қазақстанды» қалай құрамыз? Біз тергеу жүргізіп нағыз кінәлілерді жауапқа тартуымыз керек. Біз Бас прокуратура ғимаратында, Ақордада, кез келген жерде түнеуге дайынбыз. Біз туыстарымызды ресми медициналық комиссиядан тексеруді талап етеміз. Өйткені қамалған жандардың барлығының сау тамдықтары қалмаған. Біз айыптаушыларды «шындық детекторына» отырғызуды сұраймыз. Неліктен біздің елде қылмыстарды ашу үшін адамдарды азаптау керек?», — деді Әсем АЗАМАТОВА.

Баспасөз конференциясында тұтқындардың туыстары медициналық қорытындыларды, сондай-ақ басқа да растайтын құжаттарды БАҚ өкілдеріне көрсетті.

Теги: