Шымкенттегі гүл оқиғасына куәгер шенеунік қызметінен босатылды

Там. 16, 2023, 3:50 Т.Қ.

Шымкентте гүл сатушыны ұрған адамның қасында болған Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқон өз еркімен қызметінен кетті.

Ол бұған дейін «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жазаға тартылған болатын.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, оған мемлекеттік қызметті өз еркімен тоқтатуға кедергілер болмаған.

Теги: