Жаңаөзендіктер министрліктің табалдырығында түнесе де, министрлерден жауап жоқ

Мамыр 12, 2022, 9:25 Т.Қ.

Маңғыстау облысының «Өзенмұнайгаз» мұнай-газ өндіру компаниясының құбырларын жөндеумен айналысатын «Кезби» мекемесінің бір топ азаматы Елордада он күннен бері жүр.

Жергілікті билік пен компания басшылығынан әділдік таппай, олар негізгі 4 талапты Энергетика министрлігіне, Бас прокуратураға, жолдаған.

Бірақ аталмыш министрліктен жауап болмағаннан кейін ереуілшілдер еңбек министрлігінің алдында түнеген.

Жаңаөзендік жұмысшылар жалақыны көтеру талабын бұған дейін өз өңірлерінде бірнеше рет көтерген. Бірақ мекеме басшылығы қол астындағы қызметкерлердің талап- тілегін орындамай, тек құрғақ уәде берумен келген.

2019 жылы «Өзенмұнайгаз» компаниясында аустсорсинг схемасы құрылған. Сол схемаға «Өзенмұнайгаз» мен екі қапталынан жекеменшік екі компания кірген. «Өзенмұнайгаз» компаниясы мен оның еншілес компанияларына қарағанда «Кезбидің» жалақысы тым төмен екен.

Қазмұнайгаздың берген ақпараты бойынша, барлық мұнайшының жалақысы тең болуы керек. «Кезби» мекемесінің қызметкерлері 4 талап қойған.

Теги: