Жоғалып кеткен сарбаздың денесі Қырғызстанда асылған күйде табылды
Сәуір 11, 2022, 8:20 Т.Қ.
Жамбыл облысы ҰҚК Шекара қызметінде жауынгерлік борышын өтеп жүрген 18 жастағы Ұлықбек Бердішов Қырғызстанда асылған күйде табылды.
Сарбаз 2 наурызда ол «Андас батыр» заставасынан жоғалып кеткен болатын. Оны әскерилер, полиция қызметкерлері, көптеген туысы күні-түні іздеген. Бір айдан аса уақыт өтсе де, Ұлықбектің ата-анасы балалары тірі табылады деп үміттенген.
Дереккөздердің айтуынша, Ұлықбек жартаста бір айға жуық тұрып қалған және оны ешкім көрмеген. Тек оның заттарын тапқан шопанның арқасында сарбаздың денесі табылды.
Похожие новости