1–11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жөніндегі бірыңғай нұсқаулық әзірленіп жатыр

13 Қазан 2025

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Адами капиталды дамыту және кәсіби бағдар беру орталығында жалпы білім беретін ұйымдарда кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға арналған кезеңдік нұсқаулықты әзірлеу мақсатында жұмыс тобының қызметі басталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

— Нұсқаулық бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән педагогтеріне, сынып жетекшілеріне және кәсіби бағдар беру мамандарына арналған. Онда іс-әрекеттің нақты алгоритмдері, сабақтардың үлгілік сценарийлері, ата-аналар мен әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл формалары, сондай-ақ кәсіби бағдар жұмысының нәтижесін бағалау және мониторинг жүргізудің бірыңғай талаптары қамтылады, — делінген Оқу-ағарту министрлігі хабарламасында.

Жұмыс тобының құрамына педагогтер мен кәсіби бағдар беру саласының мамандары, Оқу-ағарту министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкерлері кірді.

Бұл бастама мектеп оқушыларына арналған кәсіби бағдар берудің бірыңғай тәсілін қалыптастырып, олардың болашақ кәсібін анықтау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Тегтер: