400 млн теңге салық – Джей Ло концерті Қазақстанға қандай пайда әкеледі

8 Сәуір 2025

«Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов америкалық актриса және әнші Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінен қанша экономикалық пайда түсетінін айтып берді.

 instagram.com/jlo
instagram.com/jlo

− Бүгін Қазақстан үшін ғана емес, тұтас Орталық Азия үшін тарихи оқиға болатын ерекше жобаны қуанышпен көрсеткім келеді. 1 тамызда «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді, ол толығымен коммерциялық негізде ұйымдастырылған, − деді М.Хасенов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, Дженнифер Лопестің келуі – Астананың А-классты жұлдыздардың гастрольдік картасына енуіне жол ашады.

− Бұл концертке 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп болжап отырмыз. Қаланың экономикасына, HoReCa жүйесіне (қонақ үй, мейрамхана, кейтеринг) 6,5 млрд теңге және концерт өткізуден 400 млн теңгеден астам тікелей салық түсімі күтіледі – деді ол.

Тегтер: