Әлем кубогында ел намысын қорғайтын боксшылар анықталды

24 Қараша 2026

Бұл туралы ҰОК мәлім етті.

ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының 11 боксшысы 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Ташкентте өтетін әлем кубогының финалдық кезеңінде бақ сынайды. Құрама сапында алты ер және бес әйел боксшы бар. 

Қазақстан бокс құрамасының бапкерлер штабы World Boxing ұйымдастыруымен 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Ташкентте (Өзбекстан) өтетін әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін бекітті.

Бұл жарыста ел намысын 11 боксшы қорғайды.

Ерлер:

  • Даниял Сәбит (50 келіге дейін)
  • Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін)
  • Аман Қонысбеков (75 келіге дейін)
  • Диас Молжігітов (80 келіге дейін)
  • Сұлтанбек Айбарұлы (85 келіге дейін)
  • Дәулет Төлемісов (90 келіге дейін)

Әйелдер:

  • Карина Ибрагимова (57 келіге дейін)
  • Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін)
  • Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін)
  • Валерия Аксенова (80 келіге дейін)
  • Дина Исламбекова (80 келіден жоғары)

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 3 желтоқсанда өтеді. Әлем кубогының қорытынды кезеңіне 31 елдің боксшылары қатысады.

Тегтер: