Қазақстандық 12 дзюдошы Гонконгтағы Азия кубогына қатысады

13 Қараша 2026

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 28-29 қараша аралығында Гонконгта өтетін Азия кубогына қатысатын балуандардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

ҰОК
Фото: ҰОК

Аталған жарыста Қазақстан намысын 12 спортшы қорғайды.

Ерлер:

60 келі: Данияр Кулушев, Нұрсұлтан Бейсенбек, Дамир Болатбеков

66 келі: Айбек Иемберген, Табылды Биғамбаев, Қайрат Жеңісұлы

81 келі: Елзат Нұрмаділ

Әйелдер:

48 келі: Сымбат Тағай, Зере Өтепқали

52 келі: Нұрайлым Сәрсенбек

63 келі: Нұрай Жеңіс

78 келі: Аружан Жандарбай

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Тегтер: