Арқалық әуежайына IATA халықаралық коды ресми түрде берілді
13 Тамыз 2026
ҚР Көлік министрлігі әуежайға IATA кодын беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.
Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша, 2026 жылғы 12 тамызда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Арқалық әуежайына үш әріптен тұратын AYK ресми кодын берді.
Аталған код бірегей болып есептеледі және Арқалық әуежайын әлемдік брондау және әуебилеттерін рәсімдеу жүйелеріне, рейстер кестесіне, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да жаһандық ақпараттық жүйелерге интеграциялауға мүмкіндік береді.
Похожие новости