Армения Қарабақтың Әзірбайжан жері екенін мойындады

6 Қазан 2023

Испанияның Гранада қаласында өткен Еуропалық саяси қоғамдастықтың саммиті аясында Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель, Франция Президенті Эммануэль Макрон және Германия Канцлері Олаф Шольц арнайы декларацияға қол қойды.

Армения Қарабақтың Әзірбайжан жері екенін мойындады

Декларацияда Әзірбайжан аумағы Қарабақ жерін қосқанда 86 600 шаршы километрді құрайтыны жазылған. Ал Армения аумағы – 29 800 шаршы километр.

Құжат екі елдің өзара аумақтық тұтастығын тануға негізделген және қарым-қатынастарды жақсартуға бағытталған.

Тегтер: