Автокредит сайтына бір минутта 125 мың адам кірген

5 Ақпан 2023

«Өнеркәсіпті дамыту қорының» баспасөз қызметі осындай мәлімет таратты.

Бұған дейін жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдаудың алғашқы легінде 761 адам өтініш бере алатыны айтылған болатын.

«761 қазақстандық өз өтінімдерін платформа жұмысын бастаған алғашқы 18 секундтың ішінде беріп үлгерді. Өтінім қабылдау сағат 10.00-де басталса, алғашқы минуттың ішінде 125 мың адам кірді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталғанына 1 минут өтпей тоқтап қалған болатын.

Автокредит сайтына бір минутта 125 мың адам кірген
Тегтер: