Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Бейбіт Шүменовты жазаға тартуды сұрады

13 Шілде 2023

Ол Шүменовтың іс-әрекеті жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеріп, Ішкі істер министрлігіне жүгінген.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Бейбіт Шүменовты жазаға тартуды сұрады

«Қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай туғызғаны үшін жауапкершілікке тартатын бап жоқ. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған түзетулер блогына тиісті ұсыныс енгізетін боламын. Жалпы біз, ересек адамдар кез келген жағдайда балалар туралы ойлауымыз керек деп санаймын», — деді Динара Зәкиева.

Тегтер: