Балқаш көлі жағалауында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды

4 Мамыр 2026

Тексеру барысында Балқаш көліне жақын орналасқан су қорғау аймағында жалпы ауданы 12 гектарды құрайтын 24 жер учаскесінің жер заңнамасы талаптарын бұза отырып, коммерциялық мақсатта берілгені анықталды, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі
Фото: ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі

Осыған байланысты департамент Сарқан аудандық сотына Сарқан ауданы әкімдігінің қаулыларын, сондай-ақ аталған жер учаскелері бойынша сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен жүгінді.

Сот департаменттің талап қою арызын толық көлемде қанағаттандырды, нәтижесінде Балқаш көлі жағалауында орналасқан жалпы ауданы 12 гектар болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Тегтер: