«Бекболат Тілеуханға бердім»: Қажылыққа жиналған ақшаны жымқырған адам сотталды

26 Қыркүйек 2023

Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Kausar Travel» компаниясының директорына үкім шығарды.

«Бекболат Тілеуханға бердім»: Қажылыққа жиналған ақшаны жымқырған адам сотталды

Медет Мұратбайұлы Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Бірақ ол тағылған айыпты мойындамайды.

Белгілі болғандай, Медет 245 адамнан қажылық үшін 255 млн теңге ақша алған.

Сот оны 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

«Қазір 238 адам қалды. Қалған адамдардың ақшасын қайтардық. Компанияның 522 млн теңгесін, өзімнің 328 млн теңгемді Бекболат Тілеуханға бердім. Ақшаны аударғанымды растайтын банк құжаттары бар. Оны көрсете аламын. Бекболат Тілеуханның үстінен ҰҚК-ға, полицияға арыздандым», — дейді ол.

Бұған дейін Бекболат Тілеухан бұл іске қатысы жоқ екенін, халықтың ақысын жемегенін айтып, құран ұстап ант еткен еді.

Тегтер: