Бүгін елімізде 4 орман өрті тіркелді

9 Қыркүйек 2026

Ақпарат келіп түскен сәттен бастап қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылды.

канва
Фото: канва

2026 жылғы 9 қыркүйекте еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 4 орман өрті тіркелді

Өңірлер бойынша:

• Ақмола облысы – 1 өрт;

• Солтүстік Қазақстан облысы – 1 өрт;

• Қарқаралы МҰТП – 1 өрт;

• «Семей орманы» МОТР – 1 өрт.

Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе және орман күзетінің жерүсті патрульдеуі барысында анықталды. Ақпарат келіп түскен сәттен бастап қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылды.

Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК тікұшақтары, мемлекеттік орман күзетінің және ТЖД қызметкерлері қатысып, өрттің таралу алдын алды және үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде жедел оқшауланды.

Қазіргі уақытта бірқатар өңірлерде өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Жағдай тұрақты бақылауда.

Тегтер: