Елімізде қыз алып қашқандарға жаза күшейеді
4 Тамыз 2023
Адам құқығы жөніндегі уәкілдің бастамасымен Қылмыстық кодекске «Неке қию мақсатында адамды ұрлау» деген 125-1-бапты енгізу туралы ұсыныс жолданды.
Некеге тұру үшін қыздарды ұрлау тәжірибесі елімізде, әсіресе оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі.
Кей жағдайда мұндай әрекеттер жыныстық тұтастықты бұзуға, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлауға, заңсыз бас бостандығынан айыруға және тіпті өзіне қол жұмсауға да әкеледі.