Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті
30 Қаңтар 2026
Жақып Хайрушевтің төрағалығымен Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің 2026 жылғы алғашқы отырысы өтті.
Жиын барысында қатысушылар Кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына енетін мәселелер тізбесін егжей-тегжейлі талқылап, бекітті. Сонымен қатар кездесу барысында Кеңес қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері қаралды.
Атап өтерлік жайт, жыл бойы энергетика секторының ең өзекті проблемаларын тікелей нысандарда егжей-тегжейлі талдау және талқылау үшін Қоғамдық кеңестің көшпелі отырыстарын өткізу жоспарланып отыр.
2026 жылға арналған жоспар халық пен сарапшылар қауымдастығының сұраныстарына барынша жедел ден қоюға және Министрлікпен тығыз үйлесімді жұмыс істеуге бағытталған.
Похожие новости