Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасалады

31 Тамыз 2022

Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

– Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр.

Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті.

Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын.

Сондықтан мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым, – деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысының нақтылай түсуінше, рақымшылық тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысқан басты күдіктілерге, сонымен қатар мемлекетке опасызсыздық жасау және билікті күшпен басып алуға айыптыларға жасалмайды.

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасалады
Тегтер: