Қарағанды облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 12 адамды құтқарды
12 Қаңтар 2026
Қарағанды облысы Осакаровка ауданында қалың қар түсіп, жолдың көорінбей қалуы салдарынан 5 жеңіл автокөлік жолда қалып қойған, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, көліктерде 12 адам, оның ішінде 3 бала болған.
ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына қалң қармен оңай жүретін арнайытехникамен жетіп, адамдарды жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ азаматтарды дауылды ескертулерді ескеруге және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға шақырады.