Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

14 Сәуір 2026

Елордада 17 сәуір күні жастарға арналған кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Еңбекмині
Еңбекмині

Іс-шара 17 сәуірде сағат 14:30-да Жеңіс даңғылы, 62 мекенжайында орналасқан С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғимаратында өтеді.

- Жәрмеңке жастарға жұмыс табуға, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттан өтуге және жетекші компаниялардың ұсыныстарымен танысуға мүмкіндік береді, - делінген елорда әкімдігінің ақпаратында.

Ізденушілерге өзекті бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс берушілермен кездесулер, сондай-ақ мансаптық кеңестер ұйымдастырылады.

Тегтер: