Қазақстан мен Әзербайжан бас прокуратуралары меморандумға қол қойды

23 Қазан 2025

Екі елдің қадағалау ведомстволары арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі
ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Ақордада екі елдің бас прокуратуралары арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат қылмыспен күресу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Прокурорлар қадағалау ведомстволарының кәсіби, сараптамалық және ақпараттық әлеуетін тиімді пайдаланудың серіктестік тетіктерін анықтауға ниетті.

Бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен тәжірибе алмасуды көздейтін меморандумға қол қою мемлекеттердің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.

Тегтер: