Қазақстанда заңсыз айналымнан 45 атыс қаруы мен 10 граната тәркіленді

20 Қараша 2026

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, еліміздің 10 өңірі мен Шымкент қаласында заңсыз қару айналымына қарсы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

ҰҚК
Фото: ҰҚК

2026 жылғы қазан-қараша айларында жүргізілген іс-шаралар Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарын, сондай-ақ Шымкент қаласын қамтыды.

Нәтижесінде 45 атыс қаруы, оның ішінде 5 автомат, 26 мылтық және 14 тапанша тәркіленді. Бұдан бөлек, 10 граната мен 1 259 оқ-дәрі алынды.

– Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Тегтер: