Қазақстандық спортшылар таэквондодан Аустриядағы турнирде төрт медаль алды

15 Маусым 2025

14 маусым Аустрияда таэквондодан (WT) AustrianOpen турнирі аясында жасөспірімдер мен жастар арасында жарыстар өтті.

Қазақстан таэквондо федерациясы
Қазақстан таэквондо федерациясы

Қазақстан жасөспірімдер мен жастар құрамасы халықаралық додадан 1 алтын, 3 қола жүлде жеңіп алды.

Ел құрамасынан МирасПазылов (33 келі) жеңіс тұғырына көтерілсе, Ралиф Сазазов (49 келі), Әлихан Өмірәлі (57 келі) мен Айгерім Бекжанқызы (68 келі) қола медальға қол созды.

Сондай-ақ еліміздің ересектер құрамасы аталған халықаралық жарысқа қатысады.

Халықаралық жарыста ел құрамасы сапында Азиза Қаражанова (53 келі), Айдана Сүндетбай (53 келі), ⁠Мария Севостьянова (57 келі), ⁠Камила Аймұқашева (62 келі) жарыс жолына шығады.

Тегтер: