Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен әлемдік рейтингіде жоғарылады

14 Сәуір 2026

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингідегі орнын жақсартты.

ҚТФ
ҚТФ

Бұған дейін ұлттық құрама тоғызыншы сатыда тұрған еді. Соңғы жаңартылған тізімде Қазақстан жетінші орынға көтеріліп, үздік бестікке біртабан жақындай түсті.

Қазақстан Теннис федерациясы мәліметінше, бұл оң өзгеріс Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Канада құрамасын жеңудің нәтижесінде мүмкін болды. Астанада өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды.

Осы жеңіс қазақстандық теннисшілерге 2026 жылдың күзінде Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алуға мүмкіндік берді.

Италия - әлемдік рейтингіде көш бастап тұр. Екінші орынды Ұлыбритания сақтап қалса, үздік үштікті Украина түйіндеді.

Тегтер: