Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды
Таиландтың Бангкок қаласында су спорты түрлерінен жас ерекшеліктері бойынша Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Қазақстандық жүзушілер жарысты 16 медальмен аяқтады. Оның алтауы — алтын.
Алтын медаль иегерлері:
-
Александр Румынский — 100 метрге шалқалай жүзу;
-
Даниил Чужинов — 200 метрге кешенді жүзу;
-
4×100 метрге аралас эстафета (А тобы);
-
Александр Румынский — 200 метрге шалқалай жүзу;
-
Анатолий Руденко — 100 метрге брасс әдісімен жүзу;
-
Анатолий Руденко — 50 метрге брасс әдісімен жүзу.
Күміс медаль иегерлері:
-
Александр Миронычев — 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу;
-
Дарья Чеснокова — 50 метрге шалқалай жүзу;
-
Федор Диденко — 800 метрге еркін стильде жүзу;
-
4×100 метрге аралас эстафета (В тобы);
-
4×200 метрге еркін стильдегі эстафета (А тобы);
-
Александр Миронычев — 50 метрге еркін стильде жүзу;
-
4×100 метрге аралас аралас (микст) эстафета (А тобы).
Қола жүлдегерлер:
-
Федор Диденко — 400 метрге еркін стильде жүзу;
-
4×100 метрге еркін стильдегі эстафета (А тобы);
-
Даниил Чужинов — 400 метрге кешенді жүзу.
Айта кетейік, құрлық біріншілігіне Азияның әртүрлі елдерінен жас санатындағы спортшылар қатысып жатыр.