Қазақстанға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді

22 Қазан 2025

28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Ақорда
Ақорда

— Сапар аясында мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды, — делінген хабарламада.

Тегтер: