«Қазатомөнеркәсіпте» тағы бір топ-менеджер қызметінен кетті

27 Қараша 2026

Жемқорлыққа қатысты шудан кейін «Қазатомөнеркәсіпте» бір аптада үшінші топ-менеджер қызметінен кетті. 

Қазатомөнеркәсіп
Фото: Қазатомөнеркәсіп

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Дархан Сағындықов 26 қарашада өз еркімен қызметінен кетті.

Оның өтініші негізінде және корпоративтік рәсімдерге сәйкес компанияның директорлар кеңесі Дархан Сағындықовтың басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

— Міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу жөніндегі ішкі рәсімдерге сәйкес аталған позицияның функционалдық міндеттемелері компания басшылығы арасында қайта бөлініп, атқарылады, — делінген компания хабарламасында.

Осылайша, бұл аптада «Қазатомөнеркәсіп» басқармасының үш мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Тегтер: