Кінәсі болса мойындау – еркектің тірлігі!

21 Қыркүйек 2022

Мұхамеджан Тазабек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ағасы Қайрат Сатыбалды туралы жазба жариялады:

«Қайрат ағамның да соты болып жатыр. Кінәсі болса мойындау — еркектің тірлігі!

Тергеу ақырына жеткенше мың түрлі вариант, жүз түрлі версия айтылды. Әлемдік террордан әйелдік өсекке дейін түк қалдырмай қамтып, халыққа “ақпарат” тараттық… “Қаңтарға” қатысы бардай, төңкеріс қалаған жандай айыптадық.

Адамның тағдыры Алланың қолында. Алла қалаған құлын сынайды, қалаған құлын тазартады. Бізге жаман көрінген нәрседе жақсылық, жақсы көрінген нәрседе жамандық болуы мүмкін.

Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді…

Айтқым келгені ақпаратта ынсап болмаса, қоғамда әділдік болар ма?

Сол айтпақшы, қоғамда бізге де, өзгеге де керегі жоқ қаншама жалған ақпарат бар. Естіп аламыз да мең-зең боп жүреміз. Кейде, ол ақпардың ақиқаты олай болмай шығады. Ал, көңілдегі сыз өзгермейді ғой.

Түсіне алмай қатқан бас, тозған жүйке, қарайған жүрек, айтылған ғайбат, қалған көңіл үшін кім жауап береді…?!

Айта салу оңай, бірақ, естіген елден обал…»

Кінәсі болса мойындау – еркектің тірлігі!
Тегтер: